Меню KDT
14.png?_=1
"Жалпы білім беретін Шахта мектебі"

Семинары

Главная Семинары

06.01.2025 күні ЖББ Шахта мектеп мұғалімдері арасында “Біліктілік арттыру курстар мен семинарларға қатысқан мұғалімдермен кері байланыс” атты семинар өтті. Семинар гуманитарлық бірлестікке жеке өткізілді. Бірлестіктегі мұғалімдер «Отпан» жобасы бойынша ұйымдастырылған күзгі курс, семинарлардан алған білімдерімен бөлісті. “Бағалау құралдарын құрастыру және сараптама жасау” тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Карабасова Гульнар мен тарих пән мұғалімі Мусагалиева Мира және орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Төребекова Гүлшат өз тәжірибелерімен бөлісті. Ағылшын тілі пән мұғалімі Жолымбекова Жұлдызай “The English Lesson at school: Focuses and Strategies for improvement” тақырыбында өткен курсы бойынша гуманитарлық пән мұғалімдерімен кері байланыс жасап, өз ойларын ортаға салды.Тілдік пәндер бойынша оқырмандық сауаттылықты қалыптастыруда мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту тақырыбында қараша айында өткен семинарға қатысушы мұғалім Жолымбекова Жұлдызай ағылшын сабағында оқу сауаттылығын жетілдіру мақсатында қандай стратегиялар мен әдіс-тәсілдер қолдануға болатыны туралы айтты. Дағды сабағының кезеңдері,жүйелілігі жөнінде мәліметтер берілді. CLIL әдісі мен оны ағылшын тілі сабағында қолдану жолы туралы талқыланды. Тілдік пәндер бойынша “ Бағалау құралдарын құрастыру және сараптама жасау” тақырыбында желтоқсан айында өткен семинарға қатысушы мұғалім Карабасова Гульнар қазақ тілі мен әдебиеті сабағында бағалау құралдарын құрастыру кезінде қандай тапсырма типтері мен әдіс-тәсілдер қолдануға болатыны туралы айтып өтті. Семинар соңында әріптес мұғалімдер өз сабақ процесінде оқу сауаттылығын қалыптастыру бойынша пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдерімен бөлісті. «Озат тәжірибе – ортақ іс» дегендей, бұл семинар алдағы уақыттада жалғасын таппақ.